Публичная оферта
Публичная оферта интернет-площадки cvety.kz (для покупателей)
Дата последнего обновления: 28 октября 2026 г. Предыдущая редакция — от 13 марта 2024 г.
1. Общие положения
1.1. Настоящий документ — официальное предложение ИП Алекенов Ч.Т., ИИН 891027350515, владельца интернет-площадки cvety.kz (далее — Площадка), заключить дистанционным способом договор купли-продажи товаров, размещённых на сайте cvety.kz.
1.2. Товары на сайте принадлежат магазинам-партнёрам (цветочным магазинам и флористам). Площадка продаёт их от своего имени на основании договора комиссии с магазином. Название магазина, собирающего заказ, указано в карточке товара.
1.3. В соответствии с пунктом 2 статьи 395 Гражданского кодекса Республики Казахстан оплата заказа является акцептом настоящей оферты, а лицо, оплатившее заказ, становится Покупателем. Акцепт означает полное и безоговорочное принятие условий оферты.
2. Предмет
2.1. Площадка обязуется обеспечить передачу товара Покупателю или указанному им получателю, а Покупатель — оплатить товар и доставку.
2.2. Товар собирает и, как правило, доставляет магазин-партнёр. Перед доставкой Покупатель получает фото готового заказа.
3. Момент заключения договора
3.1. Текст оферты публичный. Договор считается заключённым с момента оплаты заказа.
4. Права и обязанности сторон
4.1. Площадка обязуется: принять оплату и выдать чек; передать заказ магазину-партнёру и контролировать его исполнение в согласованное время; принимать претензии и возвращать деньги в соответствии с разделом 6.
4.2. Покупатель обязуется: указать точные адрес, время доставки и телефон получателя; оплатить заказ.
5. Оплата и доставка
5.1. Оплата производится через платёжные системы, указанные на сайте. Получатель платежа — Площадка; при оплате с разделением платежа часть суммы поступает магазину-партнёру напрямую.
5.2. Доставка осуществляется силами магазина-партнёра, Площадки или курьерских служб по адресу, указанному в заказе.
6. Возврат товара и денег
6.1. Претензии по заказу Покупатель направляет Площадке (телефон и WhatsApp +7 (775) 888-07-30, e-mail [email protected]). Деньги возвращает Площадка тем же способом, которым оплачен заказ, в соответствии с законодательством Республики Казахстан о защите прав потребителей.
7. Ответственность сторон и разрешение споров
7.1. Стороны несут ответственность за неисполнение или ненадлежащее исполнение условий настоящего договора в порядке, предусмотренном настоящей Офертой и действующим законодательством Республики Казахстан.
8. Заключительные положения
8.1. Для разрешения всех споров или претензий, связанных с исполнением настоящего договора, стороны будут стремиться к их разрешению путем переговоров. Если достигнуть соглашения путем переговоров не удается, споры будут разрешаться в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
9. Реквизиты
ИП Алекенов Ч.Т., ИИН 891027350515, г. Астана, ул. Достык, 5, офис 62. Контакты: телефон и WhatsApp +7 (775) 888-07-30, e-mail [email protected].
cvety.kz интернет-алаңының жария офертасы (сатып алушыларға арналған)
Соңғы жаңартылған күні: 2026 жылғы 28 қазан. Алдыңғы редакция — 2024 жылғы 13 наурыздағы.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы құжат — cvety.kz интернет-алаңының иесі ЖК Алекенов Ч.Т., ЖСН 891027350515 (бұдан әрі — Алаң) cvety.kz сайтында орналастырылған тауарларды сатып алу-сату шартын қашықтан тәсілмен жасасу туралы ресми ұсынысы.
1.2. Сайттағы тауарлар серіктес дүкендерге (гүл дүкендері мен флористерге) тиесілі. Алаң оларды дүкенмен жасалған комиссия шарты негізінде өз атынан сатады. Тапсырысты жинайтын дүкеннің атауы тауар карточкасында көрсетілген.
1.3. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс үшін төлем осы офертаны акцепттеу болып табылады, ал тапсырысқа төлеген тұлға Сатып алушы болады. Акцепт оферта талаптарын толық және сөзсіз қабылдауды білдіреді.
2. Оферта нысанасы
2.1. Алаң тауарды Сатып алушыға немесе ол көрсеткен алушыға табыс етуді қамтамасыз етуге, ал Сатып алушы тауар мен жеткізу үшін төлеуге міндеттенеді.
2.2. Тауарды серіктес дүкен жинайды және, әдетте, жеткізеді. Жеткізу алдында Сатып алушы дайын тапсырыстың фотосын алады.
3. Шарттың жасалу сәті
3.1. Оферта мәтіні жария болып табылады. Шарт тапсырыс төленген сәттен бастап жасалған болып саналады.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Алаң міндеттенеді: төлемді қабылдап, чек беруге; тапсырысты серіктес дүкенге беріп, оның келісілген уақытта орындалуын бақылауға; шағымдарды қабылдап, 6-бөлімге сәйкес ақшаны қайтаруға.
4.2. Сатып алушы міндеттенеді: алушының мекенжайын, жеткізу уақытын және телефонын дәл көрсетуге; тапсырысқа төлеуге.
5. Төлем және жеткізу
5.1. Төлем сайтта көрсетілген төлем жүйелері арқылы жүргізіледі. Төлем алушы — Алаң; төлемді бөлу арқылы төлеген жағдайда соманың бір бөлігі серіктес дүкенге тікелей түседі.
5.2. Жеткізуді серіктес дүкен, Алаң немесе курьерлік қызметтер тапсырыста көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырады.
6. Тауарды қайтару және ақшаны қайтару
6.1. Тапсырыс бойынша шағымдарды Сатып алушы Алаңға жолдайды (телефон және WhatsApp +7 (775) 888-07-30, e-mail [email protected]). Ақшаны Алаң тапсырыс төленген тәсілмен, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасына сәйкес қайтарады.
7. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу
7.1. Тараптар осы шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Офертада және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Осы шартты орындауға байланысты барлық дауларды немесе талаптарды тараптар келіссөздер арқылы шешуге тырысады. Келіссөздер арқылы келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
9. Деректемелер
ЖК Алекенов Ч.Т., ЖСН 891027350515, Астана қ., Достық к-сі, 5, 62-кеңсе. Байланыс: телефон және WhatsApp +7 (775) 888-07-30, e-mail [email protected].